Тәрбие, адалдық, патриотизм - жастардың темірқазығы

image.png

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан-ды. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 33 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан патриоттықты дамыту бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады. Оның үстіне бір жағынан сананы тұрмыс билеп, екіншіден, жаһандық сапырылыс үстемдік құрып тұрғанда өскелең ұрпақ патриотизмді қалай түсінеді? Міне, осындай салмақты сауалдар жайында мамандар маңызды кездесуде талқылады.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Бұл кездесулер 2024 жылғы қыркүйек айының 2-27 күндері аралығын қамтиды. 

Кезекті кездесу Түлкібас ауданының Тастұмсық ауылдық округінде өтті. Аталған кездесу мен фокус-топтық зерттеу жұмыстарына «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиал басшысы Мақұлбек Аманов, этномәдени бірлестік төрағалары мен белсенді өкілдері, Аманкелді ауылы, Алшынбек ата мешітінің имамы Жұмағали Сұлубеков, жергілікті тұрғындар, ауыл билері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аналар кеңесінің мүшелері, беделді тұлғалар және жастар қатысты.

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлтты сүю түсінігі. Ұлтшылдық және ұлтжандылық», «Діннің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді реттеуде алатын орны», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп Әл-Фарабидің ұлағатты сөзімен айтқанда біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру және ізгілікке бағдарланған, әсемдікпен қаруланған ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы болашақ азаматты тәрбиелеу, ел ертеңі, ел болашағы — бүгінгі жас ұрпақтың білімді, сауатты, жақсы азамат болып өсуіне, қалыптасуына жол көрсетеді. Адамзаттың болжауынша, жақын болашақта бұрын өткен жүздеген ғасырлар бойына болмаған өркендеулер мен көп өзгерістер болады деп күтілуде. өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу — елдің рухани, мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана элемдік дамудың алдында, озық көштің бойда ұстар тұсында болады.

Патриотизм, әсіресе, қазақстандық патриотизм дәл бүгінгі таңда айрықша маңызға ие болып отыр. Түрлі тарихи дәуірлерде өзінше көрініс тапқан патриотизм мемлекеттің, сол сияқты қоғамның да тарихи тағдырларын айқындауда айтарлықтай маңызды рөл атқаруы мүмкін. 

Жиында мамандар сондай-ақ жемқорлықтың түбі қорлық екені де еске салды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, атқарылған жұмыс аз емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», деп атап өтті.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ауқымдылығына ғана байланысты ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндет атқарылған, атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек. 

Еске сала кетсек, 2022-2024 жылдарға арналған «Түркістан облысында толерантты сананы қалыптастыру мен әлеуметтік шиеленістің алдын алу» өңірлік тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарына сәйкес аудан, қалалардағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендерінде тұрғындармен кездесу өткізу мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер