"Жастар ресурстық орталығы" ғимаратының мәжіліс залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Келес аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған жиынға Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, аудандық кітапхана қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының мамандары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының қызметкерлері қатысты. Жиынға Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Сәрсенова Гүлбала Жәнібекқызы модераторлық етті.
Күн тәртібінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміздің басты құндылығы - бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет.
Өзекті мәселенің бірі - халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін көптеген шара қолға алынды. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Әділетті Қазақстан құрылып жатыр.
Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құралы жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды.
Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Шараға бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысып, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.
Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Шараға қатысушылар ел басымыздың жолдауын қолдайтындықтарын білдірді. Іс - шара соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Сәрсенова Гүлбала Жәнібекқызы - еліміздің бірлігі мен бірегейлігін сақтау еліміздің ертеңгі болашағы өскелең ұрпақ тәрбиесі әрбіріміздің қасиетті борышымыз дей келе, осы бағытта шаршамай жүйелі жұмыстарды бірге жүзеге асыруға шақырды.