Кентауда «Медиация кабинеті» ашылды

image.png

“Ауыл түбі-бірлік, қауым түбі-тірлік” демекші, бүгін Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының Ақсақалдар алқасының бастамасымен «Медиация кабинеті» ашылды. 

Аталмыш шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев, Қарнақ ауыл әкімінің орынбасары Д.Оспанов, ауылдық учаскелік полиция инспекторлары қатысты. 

Медиация-дауларды соттан тыс реттеу, дауласушы тараптарды татуластыру-деді заң кеңесшісі, медиатор Самиева Санабар Садуллақызы. Сонымен қатар, жұмыс кестесіне сәйкес қабылдау жүргізетіндігін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындар медиациялық құқықтық көмек және қолданыстағы заңдар аясында кеңес алады. 

Ел арасындағы ынтымақтастықтың артуы,тұтастықты нығайтып,ұстанымдардың үндесуі, бірлігі мен келісімін қамтамасыз ететін орталық болсын деп ауыл ақсақалдары бата берді.

Айта кетсек, этносаралық бейбітшілікті нығайту және қақтығыстардың алдын алу шаралары аясында, Қазақстан Республикасы Президенті К. Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдың мамырында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты базасында Этномедиация орталығы құрылды және жұмыс істей бастады. Бұл шешім жергілікті деңгейде этносаралық қатынастарды басқаруға жүйелі және кешенді тәсілді қолданудағы мемлекеттік органдардың ұмтылысын көрсетеді.

Этномедиация орталығы этносаралық қақтығыстардың алдын алуда түйткілді рөл атқарады. Ол отандық этномедиация мектебін қалыптастыруға және кез келген даму кезеңіндегі дауларды және қақтығыстарды шешуге қабілетті этномедиаторларды даярлауға мүмкіндік береді.

Этномедиация орталығының негізгі функциялары:

- Этномедиаторларды даярлау және конфликтологияның, этномедиацияның, этносаяси сауаттылықтың, этномәдениеттің, «араздық тілі», келіссөздер тәжірибесінің, қоғамдық риториканың және басқа да негіздері бойынша оқыту.

- Алдын алу жұмысы – аймақ тұрғындарымен кездесулер мен әңгімелер өткізу арқылы этносаралық қатынастар мәселелерін талқылау, мүмкін қақтығыстардың алдын алу және әртүрлі этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға көмектесу.

- Кеңес беру және ұсыныс жасау қызметі – жоғары деңгейлі билік органдарының араласуын талап ететін мәселелерді жаңарту, әлеуметтік кернеудің деңгейіне ықпал ете алатын потенциалы бар.

- Әдістемелік құралдарды әзірлеу және енгізу – этносаралық кернеулермен жұмыс істеуге арналған стандартталған және тиімді құралдар жасау.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер