Этномәдени бірлестік өкілдері дөңгелек үстелге жиналды

image.png

Бүгін, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестік өкілдерімен АЭС салу бойынша «дөңгелек үстел» жиыны өтті.

Дөңгелек үстелде кеңесу үшін жиналған қатысушылар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының артықшылықтары АЭС салу туралы, оның қауіпсіздігі халықаралық ұйымдар тарапынан қандай талап-ережелермен  қорғалатыны жайында өз ойларын ортаға салды. АЭС салудың экономикалық тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі және экологиялық қауіпсіздігі жайлы кеңінен талқыланды. 

Этномәдени бірлестік өкілдері атом электр станцияларының заманауи технологияларының қауіпсіздік деңгейі туралы ақпарат алып, АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасын бағалады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер