Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалында этно-мәдени бірлестік төрағалары мен Түркістан облыстық ҚХА жанынан құрылған құрылым мүшелерімен АЭС салу бойынша «дөңгелек үстел» жиыны өтті.
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажеттілігін тапсырған болатын.
Дөңгелек үстелге кеңесу үшін жиналған қатысушылар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының артықшылықтары АЭС салу туралы, оның қауіпсіздігі халықаралық ұйымдар тарапынан қандай талап-ережелермен қорғалатыны жайында өз ойларын ашық ортаға салды.