Түркістандағы “Керуен сарай” туристік кешенінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, “AGROFEST TURKISTAN 2024” салтанатты іс-шарасы өтті.
Мұнда асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қойылған.
Сондай-ақ іс-шара аясында Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің арнайы көрмесі ұйымдастырылуда. Көрмеге қойылған бұйымдар облыс аумағында тұратын этностар бірлігін паш етіп, олардың дәстүрі мен тарихынан сыр шертеді.