Ұлт құндылығын ұлықтау – өзімізді танумен тең

image.png

Кентау қаласындағы Әл- Фараби атындағы №14 мектеп - гимназиясында тарих бірлестігінің жетекшісі А.Тастемірова көшпелі мұражай көрмесін ұйымжастырды. Көрменің мақсаты – музейге келуші ұстаздар мен оқушылардың ұлттық рухымызды көтеру, үлгі тұту мен ағартушылық, тарихы мен мәдениетімізге деген зор құрметті арттыруды көздейді әрі, бүгінгі ісімізді жалғастырар ертеңгі ұрпаққа естелік етіп қалдырумен маңызды. Сондықтан да, көрме жұмысы Ұлт құндылығын ұлықтау – өзімізді танып, тарихты тереңдей түйсіну үшін әлемдік өркениетке қосқан үлесімізді өскелең ұрпаққа жеткізуді көздеп отыр. Ең басты мақсаты кешегі, бүгінгі ұрпақтың ұлағатты істерін келер ұрпаққа үлгі етіп ұсыну.

Сондай-ақ шаһардағы Абай атындағы №5 орта мектебінде діни экстремизм мен теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында кездесу өтті. 

Кездесуге Түркістан облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Өтеген, сондай-ақ "Кентау қалалық Руханият орталығы" КММ-нің басшысы Қ.Бекметов, теолог маманы Ұ.Құлтай қатысты.

Кездесуде дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жастарды білім, ғылым игеруге шақырды. 

Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар. Осы дәстүрлі, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, ұрпаққа дәріптеу басты мақсатымыз! 

Мемлекеттің басты міндеті мен мақсаты да осы дәстүрлі құндылықтарымызды, салт-дәстүр, мәдениет, тарихымызды сақтап, өскелең ұрпаққа ізгілік жолын дəріптеу.

 Және де Кентау көпсалалы колледжі педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Айгүл Тойшиеваның ұйымдастыруымен болашақ ұстаздар Облыстық арнаулы колледж студенттерімен кездесті. Екі колледж студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру мақсатындағы кездесуде бірлесе әндер айтылды, қол ұстасып ойындар ойналды. Өнерлерін ортаға салды. Екі колледж жастары алдағы уақытта осындай шараларды жалғастыруға сөз байласты.

Сонымен қатар Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында «Жат ағым жарға жығар» атты кездесу өтті.

Кездесуге Түркістан облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А. Дүйсен , Кентау қалалық орталық мешітінің наиб имамы Д. Курбанкулов, Кентау ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Д.Давлетбаев қатысты.

Бүгінгі радикалды ағымдардың басты мақсаты дін мен дәстүрдің сабақтастығын, сонымен қатар осының негізінде қалыптасқан дәстүрлі рухани құндылықтарды жоюды көздейді. Осыған байланысты радикалды идеология өкілдері мемлекеттің зайырлы принциптері мен қағидаларына деген қоғамның теріс көзқарасын тудыруға тырысып бағуда. Алайда, зайырлық – бұл дінді жоққа шығару емес. Зайырлы мемлекетте дін институты шектеулі жағдайларда өмір сүреді. Мемлекет кез келген діни бірлестіктің қызмет жасауы үшін теңдей жағдай жасайды, олармен әріптестік қатынастарды ұстанатындығын А.Дүйсен айтып өтті.

Қазақстандық қоғамның өзекті мәселесі - діни экстремизм және радикализм. Онымен күресті тек мемлекет емес, әрбір қазақстандық азамат жүргізуі тиіс. Жастардың санасын қорғау мен сауатын ашу қоғамдық жауапкершілікке айналуы тиіс екендігін полиция аға лейтенанты Д.Давлетбаев өз сөзінде атап айтты.

Діни экстремизм дегеніміз бұл – өзіннің жасап жатқанын ғана дұрыс санайтын, шектен шығатын қате ойды, көзқарасты білдіретін қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет. Экстремист деген өзін ғана ақиқат жолындамын, қалғанының бәрі адасып жүр, олар дұрыс емес бағытта жүр деп қоғамға ашу-ызамен қарау, өзінің істеп жатқан әрекетін ғана дұрыс санау екендігін наиб имам Д.Курбанкулов кеңінен түсіндіріп берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер