Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілуде

Screenshot_20.jpg

Көп балалы аналарға қолдау көрсетуді Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде тапсырған еді. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша Түркістан облысында әлеуметтік карта әзірленген болатын.. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың айтуынша әлеуметтік карта бойынша облыстағы 86,6 мың көпбалалы отбасының 19 мыңы аз қамтылған қатарына енгізіліпті. 

«Бүгінгі таңда 24 748 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 21 608 отбасыға 4,7 млрд.теңге төленді. Сонымен қатар, 1 тоқсанда көмек мөлшері қайта қаралып, 15 422 отбасыға көбейген мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек төленді», - деді Ербол Әбілхайырұлы.

  Қомақты қаржыны тиімді пайдалану үшін және өз ісін ашып, қосымша табыс табу мақсатында облыста аз қамтылған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту бойынша жұмыстары жүргізілуде. «Өткен жылдың тәжірибесінің негізінде атаулы әлеуметтік көмектің біржолғы төлеміне басымдық беріп, аталған қаржы есебінен облыста әзірленген 15 кіші бизнес-жоба іске асыруда. Нәтижесінде 2019 жылдың 1 тоқсанында 400-ге жуық отбасы өз ісін ашты. Қосымша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз 500 мың теңге мемлекеттік гранттар берілетін болады», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда облыста көпбалалы отбасыларға арналған «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан бір пайыздық 2 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие беруде. Осы мақсатқа 100 млн.теңге қаржы бөлінді.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы республикалық бюджет есебінен 1248 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланды. Қосымша, облыстық бюджеттен халықтың осал топтарына 44 тұрғын үйдің (2309 пәтер) құрылысына 7,3 млрд. теңге бөлінді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер