Үлкен өмірге «жолдама» алды

Screenshot_4.jpg

Мақтааралдық жас түлектер алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты.  "Жастар жылы" аясында аудан әкімі Бақыт Асанов мектеп бітіруші түлектерге арналған "Жолың болсын, жас түлек!" атты салтанатты кеші өткізді. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы түлектерге ақ жол тілеп, "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" иегерлерін марапаттады.

"Адамзат қашанда биіктікті білекпен емес, біліммен бағындырған. Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында. Елімізді келешекте түрлі белестерден алып өтетін – сіздерсіздер! Сондықтан алған білімдеріңізді еліміздің, Түркістан облысымыздың, ауданымыздың гүлденуіне жұмсап, қабілеттеріңізді көрсетуге күш салады деп сенемін!", - деді Бақыт Насырханұлы.

Биылғы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін марапаттау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен шараға 56 мектептің бітіруші түлектері қатысты.

Жалпы 2018-2019 оқу жылында аудандағы 56 мектепте 27 мыңнан аса оқушы білім алған. Оның 1666-сы биылғы мектеп бітіруші түлектер. 93 бітіруші "Алтын белгі", 65 бітіруші «Үздік аттестат» иегері атанып отыр. Сондай-ақ, 9-сыныпты бітіруші 2368 білім алушыдан 193 оқушы негізгі орта білімі туралы үздік аттестат иегері атанған. 

Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер