Музейге жәдігер сыйлады

Screenshot_14.jpg

Шолаққорған ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кқне жәдігерлер сыр шертеді» аты мерекелік іс-шара өтті. Жиын мемлекет және қоғам қайратері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл. Созақ аудандық музейінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға ауданның құрметті азаматтары, мекеме, кәсіпорын басшылары, мектеп директорлары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Мәдениет үйінің қызметкрелері қатысушыларға С.Қожановтың өмірі туралы қойылым ұсынды. 

Мерекелік шараны музей директоры Н.Дүйсенбек ашып берді. Аудан әкімінің аппарат басшысы Қалдыбек Оразов музей ұжымына аудан әкімі С.Полатовтың Алғыс хатын тапсырды. Мерекелік кеш барысында бірқатар мектеп басшылары «Музейге сый» аккиясы аясында құнды жәдігерлерді сыйға тартып, музей қорын толықтырды. Омарбек Дүйсеновтың отызыншы жылдары пайдаланған жеке білте мылтығы қолдан қолға өтіп, Ә.Науай мектебі мұғалімдерінің бірінің үйінде сақталып келіпті. Музей күні мылтықтың заңды мұрагері Ниязәлі ағамызға әкесінің білте мылтығы салтанатты жағдайда табыс етілді. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Музейге жәдігер сыйлады