«Жастар жылы» аясында Түркістан облысының аудан, қалаларында көптеген іс-шаралар өтуде. "NUR OTAN" партиясы Сайрам аудандық филиалы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе Сайрам ауданындағы жасөспірімдер арасында футбол ойынынан жарыс өткізді. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның мақсаты-жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, Жат қылықтан аулақ болуға шақыру. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе.
Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытпай қоймайды. Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы – қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі». Бүгінгі жасөспірімдер әлжуаз болса, онда біздің болашағымыз да бұлыңғыр. Сол себепті, балаларды жастайынан спортқа бейімдеу басты мақсатымыздың бірі болуға тиіс. Спорт-денсаулық кепілі ғана емес, жастар арасында достастықты арттырып, бауырмашылдыққа жетелейді. Бүгінгі ұйымдастырылған жарыста осыған негізделеді. Жарыстың ашылу салтанатына "NUR OTAN" партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдірахманұлы, Ақсукент ауыл округі әкімінің орынбасары Тұрабаев Ырысбай, Сайрам аудандық №3 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қуатбеков Қадірбек және аудандық мәслихат депутаттары Егембердиев Батырхан, Жамалбеков Байсейіт мырзалар қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа ауыл өкругтерінен жиналған 7 команда қатысып, командалық есепте 1 орынды Ақсу ауылы атынан келген "Жігер" командасы иеленсе, 2 орынды Ақсукент-2 елді мекені атынан шыққан "Қайрат" командасы, 3 орынды Манкент ауылы округі атынан келген "Астана" командасы иеленіп, оларға арнайы дипломдармен бағалы силықтар табысталды.