Әкім жастармен кездесті

Screenshot_20.jpg

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Түркістан қаласының белсенді жастарымен кездесті. Жиында жастар рухани шаһарды дамыту жолындағы ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейкесті сауалдарын жолдады.

Шарада көп толғантқан мәселе рухани шаһардағы қоғамдық көліктің жай-күйі мен тазалығы. Жастарады алаңдатқан тағы бірі -  қалалық жастар ресурстық орталығы ғимаратының сапасы сын көтермейтіні және ондағы мамандар тапшылығы.  Жиында адамды құрдымға сүйрейтін букмекерлік кеңселерді түпкілікті жою немесе қала орталығынан көшіру жағы сөз болды. Келгендер әкімге қала көркін қыздыратын «Жастар театры» ашылып, әлемдік додаларға баратын спортшыларға көбірек көңіл бөлуін сұрады. Сондай-ақ, Түркістанға туристерді тарту мақсатында әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс жасап, түрлі бейнероликтер түсірілу қажеттігі айтылды. Өз кезегінде Рашид Абатұлы алдағы уақытта қалада апта сайын оң өзгерістер болатындығын атап өтті. Жастарды әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады. Елдің болашағы жастардың қолында екендігін баса айтып, «Жастар» жылында оларға көптеген қолдау көрсетіліп отырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ жастарды білімді болуға, тіл үйренуге үндеді.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер