Бүгінде құрылыс қыз-қыз қайнап жатқан Түркістан шаһарында зәулім үйлер мен қатар көшелер де жөндеуден өтуде. Мамандардың айтуы бойынша қалада ағымдағы жылы 62 көше жөнделеді. Оның 32 – не жөндеу жұмыстары басталған. 10-ы аяқталуға жақын. Рухани астана көшелеріне жол салу үшін облыстық және аудандық бюджеттен 8 млрд 160 мың теңге бөлінген.
«Жалпы 62 көшеде жүріп жатыр. Негізгі көшелер бар Бүгінге 32 көшенің жұмысы басталды. 10 көше аяқталғуа жақын. Қыркүйек айында орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Жұмысшылар қазір күннің ыстығын пайдаланып асфальт салуда»,- дейді Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Байдулла Оразбеков
Жолды жөндеуге 5 мердігер жауапты. Әр компаниядан 20/30 техника мен 250 –ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Күннің күрт ысуына орай, жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарына байланысты, бүгінде қаладағы кейбір көшелер жабылуда. Соған орай қоғамдық көліктер өз бағытын өзгертіп, көліктер кептелісі жиі орын алып жатыр. Сондықтан жауапты мамандар, жергілікті тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұрайды.