«Көне Отырар шұғыласы» көрмесі ашылды

Screenshot_11.jpg

Қаһарман қала Отырардың тарихы қиянкесті оқиғаларға толы. Жақында көне қаланың тарихынан сыр шертетін ерекше көрме өтті.  Түркістан облыстық бейнелеу өнері музейінде өткен  «Көне Отырар шұғыласы» атты шығармашылық көрменің мақсаты  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру.  Түркістан облыстық мәдениет басқармасымен Отырар аудандық әкімдігі ұйымдастырған көрмеде 100 ге жуық туынды көрермен назарына ұсынылды. Қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан дүниелер келушілерді қаланың өткеніне жетелей түскендей.  Әсіресе көрмеде   Алмаз Мәліков, Қайырхан Қалыбеков  сынды жас қылқалам шеберлерінің туындылары жоғары бағаланды.  

Сондай-ақ ағаштан түйін түюдің шебері Жаңабек Мамыттың «Шәмші» композициясы ерекше көзге ұрып тұрды. Қолөнер шебері вальс королінің әндерін мүсінге сыйғызып, сөйлете білген. Мәселен атаұты композитордың әні мен сөзін өзі жазған жалғыз «Қол созып, құшақ жайған қандай адам?» әніне арналған композициясы философияға толы. Әр өрнегі ән падишасын еске салып тұрғандай. 

Ұйымдастырушылар аталмыш көрмені Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге көрме тұрғындарға бір ай есігін айқара ашпақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер