Мақсат-тәрбиелеу


67329660_215750012738708_5786353827217145856_n.jpg


«Жастар жылында» Түркістан облысының аудан, қалаларында жастарға арналған көптеген іс-шаралар өтуде. Солардың бірі жуырда  Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінде өтті. Округтің жастар ісі жөніндегі инспекторы ұйымдастыруымен"Рухани жаңғыру" мақаласы аясында іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты- жастардың дамытушылық ойлау қабілеттерін дамыту ,өздігінен жұмыс істеуге баулу,шығармашылық қабілеттерін дамыту,тәрбиелілік,ауыз біршілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Тұңғыш президент Н.Назарбаев биыл қаңтарда «Жастар жылының» ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде:

-Барша жастарды өздерінің әлеуетін белсенді жүзеге асыруға, мүмкіндіктерін барынша пайдалануға, заманауи білім алып, күннен-күнге шыңдала түсуге шақырамын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала дәл осы мақсатқа бағытталған.

Мемлекет қоғамда жасампаздық,  бастамашылық, шығармашылық, еңбекқорлық рухын қалыптастыруға баса мән берді.     

Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекер айтылмаған.

Біздің жастарымыздың бойында мұндай қасиеттер бар.

Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды. 

Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. 

Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын

100 мыңға дейін жеткізген жөн,-деген болатын.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер