Түркістан облысында «Жастар жылы» аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Биылдың алты айында әсіресе, облыс орталығы-Түркістан қаласында «Жастар жылында» жастардың мерейін өсірген жаңалықтар болды. Соның ең бастыларының бірі -Түркістан қаласында алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар
ресурстық орталығы» ғимараты ашылды.
Көп функционалды жаңа үлгідегі Жастар орталығы - бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, IT PARK, Робототехника мектептері, Коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі», түрлі жастар ұйымдары, медиа студия және психологиялық терапия т.б көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы
бөлігінде футбол, волейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында жалпы халықтың 25,2 пайызын құрайтын, 501 369 жас бар. Оның ішінде 86 416 жас қалалық, 414 953 жас ауылдық жерден.
Сонымен қатар, аймақтың барлық ауыл, қалаларында жастарға қызмет көрсететін әкімдікке қарасты «Жастар ресурстық орталықтары» мен 4 республикалық жастар ұйымдарының филиалы және этномәдени орталықтарының жанында жастар қанаттары жұмыс істейді.