Кентауда «Денсаулық жолы-2019» акциясы өтті

68559280_339154183655600_5605427926146220032_n.jpg

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандарда «Денсаулық – 2019» акциясы өткізілуде. Бүгін де сол акция Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде жалғасты.

Кентау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, қалалық денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық жолы-2019» акциясына Оранғай дәрігерлік амбулаториясына облыстық мобильдік медициналық бригадасының мамандары келді. Басты мақсат «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» мамандары елді мекендердегі халыққа МӘМС бойынша ақпараттандыру арттыру, дұрыс тамақтану әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру және құрамында тұз, қант, майлары көп азық-түліктердің денсаулыққа зияны туралы ақпараттандандыру болып табылады. Медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ауыл тұрғындарын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» мамандары, терапевт, кардиолог, эндокринолог, онкологиялық, педиатр, салауатты өмір салтын қалыптастыру, офтальмолог мамандары қабылдап, қызмет көрсетті.

Аталған шара өзге өңірлерде жалғасатын болады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер