Жемқорлыққа қарсы шаралар өтуде

68406470_3086382351606530_6364502338459140096_o.jpg

 

Қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Түркістан облысының қала, аудандарда, ауылдық округтерде түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыру жоспарланған.
Осыған орай, Сарыағаш ауданы  Әлімтау, Жарты төбе, Жемісті ауылдық округтерінде әлеуметтік мәселе бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы уақытта, аталған іс-шаралар түрлі форматта (Кәсіпкерлермен кездесу (дөңгелек үстел), қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған халықтың мақсатты топтарымен кешенді іс-шаралар өткізу, ашық есік күні, өзекті мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізу) Сарыағаш ауданындағы қалған ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика  аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер