Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында айтарлықтай жетістік бар. Ауданда өндірілген кейбір тауарларды алдағы уақытта экспорттауға да мүмкіндік бар.
Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Жетісай ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, М.Мырзалиев Асықата кентіндегі "Атамекен МК" ЖШС-нің мақтаны терең өңдейтін цехтың ұлғайту жұмыстарымен танысып алдағы уақытта цех толық қуатта жұмыс істеуі үшін тиісті шараларды қолға алу керектігін айтып өтті. Бұл цех қазіргі уақытта медициналық мақта,тігін цехы, және гигиеналық заттар шығарумен айналысуда. Аталған табиғи таза өнімдер жергілікті нарықта импорттық тауарларға қарағанда бірнеше есе арзан бағада саудалануда.
Мейіржан Мырзалиев барған тағы бір нысан бұл Қарақай ауылдық округінде орналасқан "Медет Сүт" ЖШС. Мұнда сүт өнімдерінің ірімшік, қаймақ, айран, сыр, түрлері өндіріліп ішкі нарықты толықтай қамтуда. Ал, Жетісай қаласындағы ЖК "Ұлықбек" аяқ-киім шығаратын цехының жұмысымен танысу барысында мұндағы шығарылып жатқан қысқы етіктердің сапасын арттыруды қолға алып, экспорттық өнімдердің қатарына кіргізу үшін сапаға басты назар аудару керектігін айтты. Мұнда шығарылып жатқан бір аяқ-киімнің бағасы 450 теңгеден екенін естіген облыс басшының орынбасары:
- Тауардың бағасы делдалдар арқылы көтеріліп кетпеуін қадағалауға алып, сапасына көңіл бөліп отырсақ, кәсіпорынның алдағы уақытта бұдан да үлкен цехқа айналатынына сенімдімін,- деді.