Түркістанның бренді-«Керуен жолы»


 WhatsApp Image 2019-09-18 at 11.58.29.jpeg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала жетекшілерімен бірге Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылының бойында орналасқан «Желілік саябақ» жобасының барысын бақылап қайтты. Құрылыс қазаны қайнаған аумақты аралап шыққан аймақ басшысы жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыс орталығына сай бұл бақта Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі - «Керуен жолының» құрылысын тездету керек. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ыңғайлы да сапалы болғаны жөн. Ең алдымен балаларға арналған алаңқайлардың көрікті де қызықты, барлық талапқа сай сапалы да қауіпсіз болуы міндетті. Көгалдандыру жұмыстарын осы бастан қолға алып, гүлзарлармен абаттандыру қажет. Көпжылдық ағаштармен айналаны жасыл желекке бөлеу керек», – деді Өмірзақ Естайұлы.

11 гектар аумақта орналасқан ауқымды бақта аспан астында орналасқан ашық бассейннің құрылысы да қызу жүріп жатыр. Ұзындығы 67 метр болатын қос жүзу алаңының жобасы қазақстандық маманның қолынан шыққан. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан спорт аумағы да жасыл желекке оранып, халықтың сүйікті демалыс орнына айналары анық.

Сондай-ақ, өңір басшысы Түркістан магистралды су арнасының күрделі жөндеу жобасының жұмысын көрді. Осыған дейін жер арық болған аумақ толықтай бетондалып, арнасы өзгертілген. Алдағы уақытта 26,5 мың га суармалы жерлер тұрақты түрде ағын сумен қамтамасыз етіліп, қаланың толық көгалдандыруына мүмкіндік тумақ. Аймақ басшысы тиісті салалық жетекшілерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен уақытылы аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер