Цемент зауыты 536 адамды жұмыспен қамтып отыр

70429592_1101698926887065_7087430396203237376_o.jpg


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінде болып, аталған елді мекендегі кәсіпорын мен спорт нысанының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар барысында өңір басшысы ауданға қарасты Састөбе кентінде орналасқан «Састөбе технолоджис» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Құрылысқа қажетті цемент және әк шығаратын зауыт жылына 500 мың тонна цемент және 105 тонна әк өндіріп, еліміздің әр өңіріне өткізуде. 2019 жылы қайта құрылымдаудан өткен зауыт бүгінгі таңда 536 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Келесі кезекте облыс әкімі Састөбе кентінде орналасқан «Ер Жәнібек» атындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты. 454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Түлкібас ауданының әкімдігі мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үш жақты келісімінің аясында соғылған спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Спорт кешенінде келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. Кешен 240 адамға есептелген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер