Мақта комбайнмен теріледі

71078184_470869143466539_485904996114628608_n.jpg


Мақтаарал ауданында мақта теру науқаны басталды. Науқанға аудан әкімдігі сақадай-сай әзірлікпен кіріп отыр. 

 Былтыр ауданда мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет шаруаларға қызмет көрсеткен еді. Биыл да бұл өндіріс орындары жиын-терім науқанына дайын. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларына мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 4420 тонна жанар жағармай бөлініп, ол қазір жанар жағармай бекеттері арқылы шаруаларға таратылуда.

-Қазіргі таңда мақта алқаптарында жапырақтарды қурату жұмыстары басталып кетті. Аудан бойынша 7842 гектар ғана мақталық алқап дефолиацияланған. Бұл - өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, шаруаларға түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізудеміз. Күні кеше ғана аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен дәл осы мәселе бойынша семинар-кеңес өткіздік - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамданов. 

Мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауданға қосымша АҚШ-тан 16 дана "Джон-Дир" мақта терім комбайны сатып алынған. Бөлім басшысы биыл мақта терім кезінде комбайннан қиындықтар тумайтынын атап өтті.

Жалпы жыл басынан бері мақтааралдық диқандар 414 миллион теңгеге лизингке және өз қаржыларына 40 дана әртүрлі жаңа техникалар сатып алған. Мұның бәрі күзгі жиын-терім науқанының сәтті өтуіне ықпалын тигізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер