Тынымсыз еңбек адамды мұратқа жеткізеді


auyl-sharuashyly-y-900x_.jpg

Созақ шаруашылықтың қай саласы болсын, игеріп кетуге мүмкіндігі мол аудан. Жеке шаруа қожалықтарын құрып, бағдарламалар бойынша несие алып шаруашылығын дөңгелетіп жатқандар жетерлік. Солардың бірі, «Амангелді» шаруа қожалығы. Сауылатын бие бағу кәсіпкерлігін қолға алған қожалық Жартытөбе ауылында орналасқан. Жеке кәсіпкердің өніміне бүгінде сұраныс өте көп.  

- Жеке шаруашылығымызды 2003 жылдан бастадық. Бастапқыда алқапқа егіс егіп, содан түскен ақшаға мал алдық. 7 бие сатып алып мал шаруашылығына бет бұрдық. Бүгінде, мал басы 30-ға жетті. Биеден бір жаздың өзінде 40-50 литр сүт аламыз. Көктем-жаз мезгілдерінде келушілердің қарасы үзілмейді. Ал, қыс мезгілі біз үшін мал бордақылауға тиімді уақыт. Сонымен қатар, жаз бойы егін егіп, мал азығын да қамдап қойдық. 230 гектар жайылым жер мен 10 гектар бауымыз бар. Шаруа қожалықта 3 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Әрине, мұның бәрі еңбектің арқасында.  Алғашқыда өндірісте жұмыс істедік. Сол жерден тапқан табысымыздың басын құрап, осы күнге жеткіздік. Үлкен қораны салу үшін 12 млн. теңге қаржы кетті. Бізге қаладан келетіндер көп. Олар қымызды осында қона жатып ішкенді қалайды. Алайда, бізге оған жағдай жасалмаған. Осы жәйтті ескере ендігі кезекте, осы жерден үлкен қонақүй салсақ деген жоспарымыз бар. Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп, абырой әперетін іс. Сондықтан да, тынымсыз еңбек етіп, оның жемісін көрсек деген ниеттеміз, - дейді шаруа қожалығының басшысы Есенғали Жүзжігітов. 

    


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер