Министр МӘМС-ті ендіру қандай қажеттіліктен туындағанын түсіндірді

5bc95014e09bc.jpg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық мекемелерді аралап,  міндетті әлеупметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендірудің қандай қажеттіліктен туындағанын түсіндіріп берді.


-2015 жылы МӘМС-ті бастаймыз дегенде халыққа бүкіл медициналық көмек осы жүйе арқылы беріледі деп ойладық. Ал, тегін медициналық көмектің кепілдендірілгені көлемі (ТМККК) тек жедел медициналық жәрдем болады деп жоспарлағанбыз. Солай дайындалдық, заңға енгіздік. Бірақ, соңғы жарты жыл қалғанда біз ақпараттандыру жүйесі бойынша есеп бердік. Оған 2,5 милионнан астам өзін - өзі жұмыспен қамтитын адам кірмей қалды. Сол кезде Елбасы «асықпайық» деп, Үкіметке өзін - өзі жұмыспен қамтитындардың кімдер екенін анықтауды тапсырды. Алға жылжу үшін солардың тізімін жасау керек болды. Екіншіден, мемлекет тарапынан беріліп жатқан ТМККК-ні анықтаумыз қажет еді. Өйткені ТМККК құжаттағы көрсетілгеннен екі есе көбейіп кетті. Мысалы, біз анықтаған 2018 жылы 363 млрд. теңге дефицит болып тұр. Сосын Елбасымен кездескенде осы цифрларды көрсетіп түсіндірдім. Біріншіден, соңғы жылдары халықтың саны біршама көбейіп келеді. Оның ішінде технологияның жетістіктеріне байланысты қарт адамдар көбейді, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы артуда. Сосын туу көрсеткіші ұлғайды, Құдайға шүкір, балалардың саны көбеюде. Соңғы жылдары халықтың саны 15 пайызға, оның ішінде қарт адамдар көрсеткіші 27 пайызға, балалар 24 пайызға көтерілді. Қазір ең көп медициналық көмекті пайдаланатындар – қариялар мен балалар. Ақшаның көбі осында бағытталатындықтан жетпейді. Екіншіден, ауру түрлері көбейді. Бұрын аурулардың құрамы бірізді болса, соңғы жылдары түрленіп, хроникалық жұқпалы емес дерттер пайда болды. Бұл тек Қазақстанда емес, дүние жүзінде проблемаға айналуда. Науқастардың саны 2,5 есе көбейді. 20 жыл бұрын ишемиялық жүрек ауруымен адам жансақтау бөліміне түссе, промедол мен аскорбин глюкозын беретінбіз. Қазір түрлі-түрлі тромболитиктерден бастап, цифрлық ангеограф, АКШ, стендтеу, бәрі бар. Бәрі тегін. Жыл сайын пайдаланып жатқан технология түрлері көбеюде. Оған мемлекет тарапынан қаншама ақша жұмсалып жатқанын көпшілік біле бермейді. Мысалы, соңғы 10 жылда ауруханада емделетін науқасқа жұмсалатын шығын 1,5 есе көбейді. Бұл мемлекеттік емдеу мекемесіндегі жағдай. Ал, жекеменшікте одан да көп, министр.


Е.Біртановтың айтуынша, соңғы 5 жылдың ішінде ТМККК ұлғайып келеді. Оны доллармен есептесек, шығындарымыз еселеп көбейеді. Өйткені дәрі-дәрмектердің көбі, отандық өнімдердің де қоспалары шетелден әкелінеді. Сонымен қатар, қолданысқа қажетті медициналық құрылғылар да сырттан тасымалданады. Тек медицина қызметкерлерінің жалақылары ғана теңгемен есептеледі. Осылай медициналық дефицит жыл сайын ұлғайып барады.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер