Ленгірде кәріз жүйесі проблемасы толығымен шешімін табады


8b1a2209-76db-4974-9792-ac4d905b6bbc.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің аудан, қалаларын аралап, шаруашылықтармен, кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысуды  Төлеби ауданында жалғастырды. 

Төлеби ауданында сорңғы уақытта ауылдарды газдандыру, ауыз су тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу, күл -қоқыстан тазартып, заңсыз қоршаулар мен құрылыс нысандарынан арылту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  кәріз жүйесін ретке келтіру үшін Ленгір қаласында кәріз тазалау орнын ашу жоспарланған. Аталған жоба республикалық бюджеттің қаржыландыруымен Түркістан, Арыс және Сарыағаш аудандарында да жүзеге асырылмақ. Әзірге Ленгір қаласының небәрі 30 пайызы ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Бұл мәселе алдағы уақытта толығымен шешімін таппақ. Аймақ басшысы бастаған жұмыс тобы мемлекет тарапынан алған атаулы әлеуметтік көмектен жеке кәсібін ашқан бірнеше отбасының еңбегіне куә болды. Алған ақшалай жәрдемақыларын мал басын көбейтуге, үй құстарын асырап, нан өнімдерін пісіріп, әртүрлі салада кішігірім отбасылық кәсіпке айналдырған азаматтардың бастамасы облыс әкімі тарапынан қолдау тапты. Бүгінде Төлеби ауданы бойынша 3595 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер