«Жастар жылындағы» игі шаралар жалғасуда

 68475683_655002668339029_3945942323493339136_n.jpg

«Жастар жылындағы» жағымды жаңалықтар жалғасуда. Бұл ретте, тек көңіл көтеру ғана емес, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы да жастар үшін аса ерекше мәнге ие. Осы орайда, Түркістан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен поэзияға жаны құмар, қара сөзді жанына серік еткен рухани шаһардың шығармашыл жастарының басы «Шабыт» кешінде бір арнаға тоғысты. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәселен, Назима Арзыметова Шымкент қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық университетінің 2-курс студенті. Болашақ қазақ тілі, әдебиет пәндерінің мұғалімі. Бұл жаңа жобаны жеңгесінен естіп келген екен. Мектепте оқып жүріп көркемсөз оқу бойынша түрлі жарыстарға қатысқан. Жалпы, қазақтың кемеңгер жазушыларының жазған еңбектерін оқып, жатқа айтқанды ұнатады. Тағылымды кеште Мұхтар Шахановтың «Жаңғырық немесе Ақсақ Темір қалай басталды» атты шығармасын оқыған Назима көпке ерекше әсер сыйлады. Ол сонысымен де есте қалары сөзсіз. Өйткені, оның әңгіме желісіне толықтай кіріп, бүкіл жан-тәнін арнауы көптің таңдайын қақтырды.

Алғашқы ашылу кешіне жиналған көпшілік мұндай рухани азық сыйлайтын іс-шаралар тоқтап қалмаса деген тілектерін білдірді. Екі аптада бір рет қайталанып отыратын жобада келушілер шабытын оятып қана қоймай, өзгеге де шабыт сыйлай алады. Ұйымдастырушылар алда мұндай сарындағы жобалар тізімі тоқтап қалмайтындығын жеткізді. Тұңғыш кешке 40-50 шақты адам қатысса, поэзияға деген махаббатын жастар ғана көрсетпек емес. Орта, егде жастағы тұрғындар да қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер