Бүгінгі күні Түркістан облысына кіретін аудан-аумақтар түгелімен карантинге жабылған. Оған себеп бүкіл жаһанды аяғынан тік тұрғызған COVID 19 вирусының кең етек алып еліміздің көптеген жерлерінен бой көрсетуі. Осы бір індетпен күрес мақсатындағы жұрт болып сақтау керек ережелер үйде болу, тазалық сақтау.
Осы мақсатта Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында да тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда. Бұл мәселені аудан әкімдігі қатаң бақылауға алған. Аудан орталығындағы Қонаев, Уалиханов және ішкі көшелерімен орталық базар маңына сақтық шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар Қазығұрт ауылдық округінде бас аяғы 20 көше заласыздандырылды. Аудан орталығындағы көп қабатты үйлердің аулалары адам көп шоғырланатын Халық банкі, Почта торабының алдары дезинфекциялау жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған іс-шаралар енді ауыл окуріктеріндегі орталық көшелермен әлеументтік нысандар толығымен жасалатын болады.