Басты талап — санитарлық тазалық пен баға тұрақтылығы

image.png

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 10 мамырдағы №17 қаулысындағы талаптарды түсіндіру бойынша, Түлкібас ауданында құрылған жұмысшы топ мүшелері аудан аумағында адам көп шоғырланған жерлерде: санитарлық тазалық, бетперделердің болуын және бағаның тұрақтылығы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, аудан бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда. Тапшылық болмас үшін бетперде шығаратын мекемелерге олардың санын арттырып, бағаның шарықтауына жол берілмеу керектігі ескертілген.

Қытай елінен шыққан қауіпті індетпен күресте Түлкібас ауданының барлық аумақтарында шектеу шаралары күшейтілген.

Аудан аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын-алу шараларын күшейту бойынша жұмыстар қарқынды түрде атқарылып жатыр. Барлық қорғаныс бекетінде қырағылық басты назарда. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен керек-жарақтар, арнайы киімдер жеткілікті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер