Кәсіпкерлікті дамыту - өзекті мәселе

СҚО-да «Жас кәсіпкер» бағдарламасына 600 адам қатысады

Аудан дамуында кәсіпкерлердің, әсіресе шағын және орта кәсіп иелерінің қосатын үлесі қомақты. Елімізде кәсібі дөңгелеген азамат­тардың тәжірибелерін, іскерлік жолын, қиыншы­лықтары мен жетістіктерін жастарға үлгі ету маңызды деп есептеймін. Мұндай жағымды құбылыс отандық кәсіпкерлік рухты дамытуға үлес қосумен қатар, жастарға да орасан зор пайдасын тигізеді. Сондықтан іскер азаматтар басылым беттерінде көптеп насихатталып, кітаптары шығып жатса рухани жаңғыруға қосар үлес тұшымды болар еді. 

Төтенше жағдайдан зардап шеккен аудан экономикасын қалыпты жағдайға келтірудің бірден-бір тетігі кәсіпкерлік саласын дамыту. Осыны ескерген аудан әкімі Н.Байғұт өз кәсібін ашам деуші және кәсібімді ұлғайтамын деген аудан тұрғындарына қолдауды күшейту мақсатында «Жобалық кеңсе» құруды тапсырған болатын.

Аудан әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанынан жобалық кеңсе құрылып, өз жұмысын бастап кетті.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Раймбеков, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түлкібас аудандық филиалының директоры М.Байғарашев, «ТURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Түлкібас ауданы бойынша бөлім басшысы Н.Ізтілеуов және ауылдық округ, кент әкімдерінен құрылған кеңсенің басты мақсаты өз ісін ашуға ниет білдірген азаматтардың қаржы ұйымдарына және екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алуға жобаларын дайындауға көмек беру, құжаттарын реттеуге ықпал жасау болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер