Түлкібас: Жолдар жаңарады

Түлкібас ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Төтенше жағдай режимі аяқталып, құрылыс пен жөндеу жұмыстарына аса көңіл бөлініп жатыр. Тозығы жеткен жолдар енді көлік жүргізушілерін мезі етпейтін болады.

image.png

Ағымдағы жылдың 4 маусым күні аудан әкімі Н.Байғұт Түлкібас және Састөбе кенттері мен Мичурин ауылдық округіндегі жөндеуден өтіп жатқан және алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жоспарланған біршама көшелерді аралап, сапасын тексерді.

Аралау барысында аудан басшысы Састөбе кентіндегі асфальт төселіп жатқан Тәуелсіздік көшесінің ағымдағы жөндеу жұмысының сапасы қанағаттандырарлықсыз екенін айтып, іске асырып жатқан мердігер мекеменің өкіліне анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды. Сондай-ақ, Нұрлан Мархабатұлы жол құрылысын іске асырып жатқан әр мердігер мекемелердің өкілдеріне жолдың сапасына ерекше көңіл бөліп, бекітілген мерзімінен кешіктірмеу қажеттілігін ескерді.

Биылғы жылы аудан бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы – 36 шақырым құрайтын 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді.
Ал, жалпы алатын болсақ ұзындығы 67,88 шақырым 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: 19,3 шақырым 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 49 шақырым 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 11,24 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталып пайдалануға берілмек.
«Жол қадірін жолаушы біледі» демекші, соңғы кездері ауылдардың ішкі көшелерінің бойынан жаяу жүргіншілерге арналған тратуарлар да көптеп салынуда. Бұл игі істердің барлығы ауданымыздың көркін одан сайын аша түсері анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер