Түлкібас: Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

image.png

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алуға байланысты Түлкібаста жүйелі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда әсіресе халық көп шоғырланатын орындарды арнайы сұйықтықпен залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда.

Атап айтар болсақ, 16 маман және 1 дана арнайы техника аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын Рысқұлов және Жантұров көшелерінің бойындағы 4,7 шақырым аяқ жол мен аялдамаларға және орталық базар мен сауда үйлерінің кіре берістеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде Түлкібас ауданында дезинфекция жұмыстарын әкімшілік тарапынан бекітілген кестеге сай тиісті мекемелер жүзеге асыруда. Аудан орталығында халықтың көп шоғырланатын аумақтарды залалсыздандыру тәулігіне 2 рет 11-көше (3200 ш.м) мен 6 аялдама (1200 ш.м) дезинфекциялау бойынша жалпы 4400 ш.м.-ге сызбасы бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Сонымент қатар ДСУ мөлтек ауданы мен Пушкин көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, трртуарларды, балалар және спорт алаңдарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді дезинфекциялау бойынша 5618 ш.м.-ге сызбасы бекітіліп, арнайы мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

 Індет айтып келмейді, «Сақтансаң сақтайды» демекші, бұл атқарылып жатқан шаралардың бәрі тұрғындардың қауіпсіздігі бен денсаулығы үшін

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрам: Кезектен тыс конференция өтті
  • Сайрам: Рейдтік шаралар жүйелі жүргізіліп отыр
  • Бәйдібек астық жинаудан көш басында
  • Бәйдібек: 50 орындық инфекциялық госпиталь жұмыс істеуде
  • Қазығұртта дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер