Ордабасы: Тұрғындар әкім қабылдауында болды

image.png

Естуші мемлекет атану еліміздің ұмтылып келе жатқан саяси жүйесі болса керек. Тек билік халықпен санаса жұмыс істегенде ғана бәрімізге ортақ қоғам қалыптаспақ. Осы орайда еліміздің барлық ауыл*аудан, елдімекендерінде жергілікті өкіметтер халықпен тығыз байланысты орнатып, олардың ұсыныс-уәждеріне құлақ асуы шартты болса керек.

Ордабасы ауданының әкімі кеше тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдаған болатын. Дегенмен елдегі орнаған карантин тәртібіне байланысты әкім қабылдауы онлайн түрде өтті. дегенмен қандай да бір шағым не ұсынысы бар тұрғын, әкіммен тікелей байланысқа шыға алуға болатын мүмкіндік жасалды.

 Қабылдау барысында жол мәселесімен бірге баспанамен қамтылу жайы қозғалды. Әрине, бұл аудан алдында тұрған жуық арада шешімін табу керек өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, әр тұрғынның айтқан уәжі жазылып, міндетті түрде қаралатын болады.

 Нұрбол Әбдісаттарұлы жолға қатысты мәселенің таяу арада шешілетінін атап өтті. Ал, баспанаға қатысты өтініштің заң аясында зерделеніп, мүмкіндіктер қарастырылатынын мәлімдеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер