Созақ: Қайырымдылар ауруханаға портативный монитор сыйға тартты

image.png

Қиын-қыстау кезеңде бірін-бірімізге қолдау көрсету қайсымыздың болмасын азаматтық борышымыз. Әсіресе ел басына күн түскенде қолғабыс болатын азаматтар бұл қоғамда кем де кем.

Бүгін Созақ ауданындағы бірқатар жекеменшік бала бақша құрылтайшылары мен меңгерушілері бірігіп аудандық ауруханаға бір миллион екі жүз мың теңге тұратын портативный монитор сыйға тартты. Сондай-ақ емделушілерге қымыран сусындары таратылды.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Т. Қалдыбеков пен аудандық аурухана ұжымы игі іс жасаған "Бақ-Нұры" іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ өңірде бүгінде індет жағдайы бірқалыпты. Ауруханалардағы науқастар саны да біршама азайып, жағдай толықтай бақылауға алынған. Сондай-ақ аудан бойынша карантин шаралары мен баға тұрақтылығы басты назарда болып отыр. Жергілікті өкімет те карантин шаралары мен дезинфекцияны толықтай қолға алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер