Ордабасы: Аудан сұлулана түспек

image.png

Ордабасы ауданы күннен-күнге жанданып келеді. Әрине, мұның бәрі ең алдымен аудандағы жұмыстардың тыңғылықты атқарылып жүргендігінің белгісі болса керек.

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудандағы жол жұмыстарымен танысып, мердігерлермен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында әкім жол құрылысының барысымен, сапасымен танысты. 

Қазіргі таңда аудан орталығы Темірлан елді мекенінің 5 орталық көшесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Осыған дейін аудан  орталығында Қажымұқан Мұңайтпасов, Тұрар Рысқұлов, Әзімбаев, Жепаев және Тұрманжанов көшелерінде күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілген болатын. Одан бөлек, жаңа кейіпке еніп келе жатқан көшенің орта тұсына көріктендіру мақсатында түрлі гүлдер отырғызылып, бапталды.

Сонымен қатар, биыл 26 көше жөнделеді, нәтижесінде қанағаттандырарлық күйдегі автомобиль жолдары 3,4 пайызға өсіп, 81,3 пайызға ұлғаяды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер