Бәйдібек: Еріктілер ауруханаға 13 оттегі концентраторын тарту етті

image.png

Бүгінде ел болып, халық болып бірлесіп коронавирустық індетпен белсенді күрес жүруде. Осыған орай әр өңір азаматтары қолдарынан келгенше бір-біріне демеу болып, қол ұшын созуда. Аты жаман індет қаншама қазақтың қабырғасын қайыстырып, қаншама бауырымызды ажал құшты. Сондықтан да мұндай кезде бауырларымызға деген демеу -  ең алғашқы көмек болмақ. 

Бүгін Бәйдібек ауданындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің 1999 жылы бітірген түлектерінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» қоры арқылы орталық ауруханаға 13 оттегі концентратын сыйға тарту етті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Арнайы поштамен келген 13 жасанды тыныс алу аппаратын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қабылдап алып, орталық аурухананың бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыс етті. Туған жері мен елі үшін сауапты іс жасаған аудан түлектеріне аудан басшылығы мен дәрігерлер қауымы алғыс білдірді.

Созақта бүгінде эпидемиологиялық жағдай бірқалыптанды. Жалпы елдегі жағдайға келер болсақ, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі карантин тағы 2 аптаға созылатынын мәлімдеген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер