Шардара: Тұрғындар қауіпсіздігі назардан тысқалмайды

image.png

Шардара ауданында «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шара өтті. Іс-шара аудандық әкімдік пен ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен болды.


Тексеру барысында түн қатып көше кезген жастар анықталып, жазаға тартылды. Сондай-ақ карантин режимін сақтамай жасырын жұмыс істеген компьютерлік клубтар да анықталды.

Рейдтік шара барысында беймезгіл уақытта көше кезіп жүрген жасөспірімдер ұсталып, ата-наларына ескерту жасалды. Тиісті хаттама толтырылып, айыппұл салынды.  Компютер клубтарында ойынға берілген жеткіншектер мен оларға жағдай        жасаған кәсіп иелері де жазаланды.   Карантиндік режимді сақтамағандармен күрес тоқтаусыз жүреді, дейді мобильді топ өкілдері.     

"Мұның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың түнде беймезгіл жүруі, ата-ананың немесе өкілінсіз жүруі. Одан бөлек солардың жиналатын орнын анықтау болатын.Өздеріңіз байқағандай бірнеше тұрғын анықталды. Тиісінше хаттама толтырды", - деді Бауыржан Шомпиев, Шардара ауданы әкімінің орынбасары.

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты крантин мерзімі тағы екі аптаға ұзартылды. Талап жалпыға ортақ. Басты мақсат қауіпсіздік шараларын сақтау. Ғасыр дертін тек тәртіпке бағыну арқылы жеңеріміз анық. рейдтік шаралара жалып аудан көлемінде жалғасып жатыр. Ал, балалары беймезгіл көше кезген ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, қатаң ескерту жасалды. Жасалған ескертуді бір жыл ішінде бұзған жасөспірімге жаза қатаң болмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер