Ордабасыда коронавируспен ауырған соңғы науқас толықтай айықты

image.png

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған инфекциялық бөлімі босап тұр. Мұнда емделген соңғы науқас бүгінде толық сауығып шықты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды. Түркістан облысындағы көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады.
Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда.
Солардың бірі 80-ге таяған Мырзабай Оңлабек. Ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен ақсақал жағдайының жақсарғанын айтады. Дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.
Аудандық аурухана 9 өкпені жасанды желдету аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен. "Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты.
Республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері бұдан соң Түркістан қалалық орталық ауруханасын аралады. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған. Басты мақсат - медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалау және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолдау көрсету

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер