Сарыағаш: Этносаралық түйіткілді мәселелер қаралды

image.png

Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын.
Сарыағаш аудандық прокуратурасы бастама көтеріп, аудан әкімдігімен бірлесе "Этносаралық қатынастарды зерттеу, талдау, тәуекелдерді болжау және алдын алу шараларын ұйымдастыруға арналған бірлескен жоспар жасалып, бекітілді.

Бұл бағытта кейінгі жылдары ауданда көп жұмыс істелді. Таяуда елімізде орын алып жатқан қақтығыстар бұл салада қор­даланған мәселелердің бар екенін көрсетті. Сондықтан мұн­дай жағдай ауданда болдырмас үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, алдын алу мәселелері қарастырылды.

Алдағы уақытта осы жоспар аясында аудандағы этнос өкілдерінің қатысуымен орын алатын түрлі жағдайлар сарапталып, оларды болдырмауға бағытталған іс-шаралар қолға алынатын болады. Бұл туралы бірлескен жоспарда нақтыланып, құзырлы мекемелер тарапынан қолдау тапты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер