Сайрам: Су құбырлары жөндеуден өтуде

image.png

Сайрам ауданын қарасты Жібек жолы, Машат,  Сиқым ауылдарында уақытша су беру тоқтатылды. Себебі ондағы ескірген құбырлар жөндеуден өткізіліп, кейбіріне жаңадан су құбырлары салынуда. 

Негізгі су көзін уақытша өшіру салдарынан Жібек жолы ауылына бір күн, Сиқым ауылына екі күн ауыз су беру мүмкіндігі болмайды. Машат ауылына жоғарыда аталған жұмыстарды жоспарға сәйкес аяқтап 07.08.2020ж кешкі уақытта немесе 08.08.2020ж таңғы мезгілде ауыз суын беру жоспарлануда.

Жібек жолы, Сиқым ауылдарына тұрақты ауыз су жүйесін қосу мақсатында, "Сайрам тазалық" ЖШС-і тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, Машат ауылын ауыз суға қосу нүктесінің орнын ауыстыру қажеттігі анықталды. Негізгі қосу жүйесі ұзақ уақыт қолданыста болмағандықтан бір тұстан 250м, тағы екінші тұстан 60м құбыр жоғалып кеткен.

Бүгінгі таңда Серіктестік тарапынан 310 м су құбыры сатып алынып, Машат ауылын осы негізгі қосу жүйесі арқылы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған уақытта ауыз суды тасымалда жеткізу қызметі көрсетіледі. Су бармаған жағдайда +7 701 818 8045 нөміріне, Ерлан Оразұлына хабарласуға болады.

Әкімшілік ауыл тұрғындарынан уақытша жайсыздықтарға түсіністікпен қарауын өтінді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер