Ордабасыда асфальт жолдар төселуде

image.png

«Түркістан-адалдық алаңы» жобасы «білім», «денсаулық сақтау», «халықты әлеуметтік қолдау», «сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары», «мемлекеттік кірістер органдары», «сот және құқық қорғау органдары», «бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі» тәрізді бағыттар қамтылуға тиіс болған. Бағдарламаның басты мақсаты жемқорлықтың жолына бөгет қою. Бүгінде Ордабасы ауданында осы жоба аясында жол салынуда. Аталған жұмысты барлап қайту үшін жоба қызметкерлері кезекті іссапармен ауданда болып қайтты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысының  бірінші орынбасары М. Қарғабай бастап келген топ алдымен аудан кәсіпкерлерімен РВІ  жобасы  аясында  келісім шарттар жасасты. Бұдан соң арнайы топ    аудан орталығында төселіп жатқан асфальт жолдарды жылжымалы  зертхана көлігі арқылы алынған сынамалар  бойынша тексерулер жүргізді.

Мониторингтік  жұмыстарының негізгі мақсаты - автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.  Сондай –ақ,  және жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау.

Арнайы мониторинг топтық  осындай тексеру жұмыстары Бадам ауыл округінде жалғасты.  Олар мұнда арнайы жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып,  салынып жатқан жол сапасыа да бақылау жасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер