Сайрам: Қоршаған ортаны қорғау міндетіміз

image.png

Дүниедегі тіршілік атаулының өмір сүретін мекені-қоршаған ортамыз. Сондықтан қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау - баршаға ортақ міндет. Өзіміз өмір сүретін ортаны ластау дегеніміз, қоғамды ластау, өзімізге-өзіміз зиян алып келу демек.

Сайрамда кез келген қоршаған ортаны ластау фактісі заң бойынша сараланып, жауыпты кісі тиісті жауапкершілікке тартылады. 

Кеше 10 тамыз 2020 жылы кешкісін Сайрам ауданы әкімінің WhatsApp қызметіне ағын судың қызыл түске боялып ағып жатқаны, оның "қан болуы мүмкін" деген болжам айтылған видеолары келіп түсті.

Аталған видео бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді. Кешкісін қас қарайғандықтан анықтау бүгінге қалған.

Бүгін таңсәріден Қарабұлақ Ауылдық округінің әкімі Мамыржан Шадиев, учаскелік Полиция, ҚР АШМ ВБжҚҚ Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының ветеринар-инспекторы оқиға орын алған орынды анықтады.

Кәсіпкер Нимат Юлдашев 20 жылдан бері мал бордақылаумен айналысып келе жатқанын және мұндай жағдай бірінші рет орын алғанын, малдың қанын жинайтын бетонның жарылып кеткенін жарты сағат өткенде байқағанын айтып түсіндіруде.

Дегенмен, қоршаған ортаны ластау фактісі бойынша акт толтырылды. Әзірге іс тиісті органдардың қарауында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер