Сайрам: Індеттің беті бері қарады

image.png

Сайрам ауданында эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келді. Індетке шалдыққандар саны бірден 50 пайызға кеміп, пневмонияға шалдыққан науқастар саны да біршама азайды.

«САПА» медициналық орталығында ем қабылдап жатқан науқастар емінен айығып, толық үйлеріне қайтты. Қазір бұл медициналық орталықта covid-19 індетімен емделетін науқастар жоқ болғандықтан орталық жабылды.

Карантиндік талаптарды қатаң сақтау нәтижесінде індеттің таралуы айтарлықтай төмендеді.

Жалпы, Сайрам ауданында 10 базар бар. Олардың екеуі мал базары, үшеуі киім-кешек және 2 азық-түлік, қалғаны аралас базарлар.

Осы аралас базарлардың ішінде киім-кешек саудалайтын бөлігі жұмысын уақытша тоқтатты.

Ал көлемі 500 шаршы метрден аспайтын киім-кешек сататын орындар сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін карантин режимінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, өткен аптада Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н. Нышынов келіп, аудандық мобилді топ құрамымен бірге аудан орталығындағы базарлармен сауда орталықтарын аралады.

Бақылау барысында Сайрам ауданындағы санитарлық талаптардың сақталуына Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер оң бағасын берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер