Түлкібаста алма жинау маусымы басталды

image.png

Түлкібас алманың отаны десек өтірік болмас. Жаздың соңғы айы басталып, ауданда бағбандар бастап күткен бауларында самсап піскен алмаларын жинауға кіріскен.

Шаруалар бүгінге дейін 535 тонна өнім жинап үлгерген. Ал, қыркүйек айында жаппай терім, яғни күздік алманы да жинау науқаны басталады. Жалпы биыл мамандардың пайымдауынша 30 мың тонна алма теріліп, рекордтық көрсеткіш орындалады. Былтырғы жылы ауа райының қолайсыз болуына байланысты өнім көлемі 20 мың тоннаны құраған.
Ауданның 2020-2025 жылдарға арналған даму концепциясына сәйкес Түлкібастың брендіне айналған алманың өнімділігін арттыру көзделіп отыр. Осыған байланысты алма бау көлемін 760 гектарға ұлғайтып, жалпы көлемін 3355 гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта аудан әкімдігінің тікелей ұйытқы болуымен жүйелі шаралар іске асуда. Мәселен, жыл соңына дейін жоспарға сай 100 гектар жерге алма көшеттері отырғызылуы керек болса, бүгінде соның 75 гектары игеріліп отыр.

Сонымен қатар, ауданда алма бау көлемін арттыру жылдан жылға қарқын алып келеді. Биыл ауданда жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілсе, 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 мың 150 тонна алма өндірілген. 2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тоннаны құрады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер