Биыл Ұлы ақын Абай Құнанбайұлына 175 жыл. Осыған орай Сарыағаш ауданында Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану елдің рухани дамуына орасан зор ықпалын тигізбек.
Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары 10 тамыз Абай күніне арналған "Кемеңгер Абай" атты онлайн концертін өткізді.
Абай күніне орайластырып ұйымдастырылған шарада өнерпаздар ұлы ақын hәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері бар. Сонымен қатар, концерт барысында көрермендерге "Қара мола ережесі" атты сахналық қойылымы ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды.