Бәйдібекте науқастар саны азайды

image.png

Бәйдібек ауданында індет қауіпі сейілді. Бүгінгі таңда аудандағы ауру ошақтарында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, жалпы 6575 шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Бұлай деп аудан әкімінің өзі әлеуметтік желіде жүргізген тікелей эфирінде баяндады.

Бүгінгі таңда 66 науқас аурудан жазылса, 3 науқас инфекциялық госпитальде емделуде, 28 науқас үй карантинінде бақылауда.
Ауданда 50 орындық провизорлық бөлімше, 50 орындық инфекциялық госпиталь жұмыс жасауда. Провизорлық бөлімшеде пневмония диагнозымен осы уақытқа дейін ем қабылдап шыққан науқастар саны 591. Осы науқастардың 432-сі аудан тұрғындары, қалғандары облыстың басқа аудандарынан келгендер. Қайтыс болған науқастар саны – 27, оның ішінде аудан тұрғындары – 22, қалғандары басқа аудандардан келген емделушілер.
Бүгінгі күнге ем қабылдап жатқандар саны – 12, барлығы аудан тұрғындары. Инфекциялық госпитальде осы күнге дейін 96 науқас ем қабылдап, 81-і емделіп үйге шығарылды. 10 науқас ем қабылдау үстінде, оның 3-уі аудан тұрғындары. 5 азамат қайтыс болды, барлығы басқа ауданның азаматтары (Түркістан-1, Кентау-2, Түлкібас-1, Сайрам-1).

Шақпақ ауылындағы терапиялық бөлімшеде пневмония диагнозымен ем қабылдап жатқан науқастардың саны – 8, барлығы да аудан тұрғындары. Ауданда бүгінгі таңда оттегі балонының 70 данасы бар. 7 науқас оттегі балонымен дем алуда. Қазіргі таңда ауданда 8 ИВЛ аппараты бар. ИВЛ аппаратында жатқан науқас саны – 1. Сонымен бірге 15 оттегі концентраты бар. Жалпы оттегі баллондары 1986 рет ауданға жеткізілсе, оның 127-сі демеушілер арқылы, 535-сі аудан әкімшілігінің қолдауымен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер