Созақ: Жұмыспен қамту - басты назарда

image.png

Созақ ауданында карантинге қарамастан кәсіп ашқандар саны артқан. Аймақта нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асуда. Қазіргі таңда мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, бағдарламаның игілігін көрген отбасылар саны 62-ге жеткен.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі қашан да елдің экономикалық ахуалында елеулі орын алады. Мемлекеттік саясат – халықты лайықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталады. ЖІӨ көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік банк есебінде көш бастайтын елдердің сандық көрсеткіші құлдыраған. Тіпті, жұмыссыздық деңгейі артып, халықтың к.нкөрісі нашарлаған. Елімізде бұл фактор орын алмас үшін көптеген нақты қадамдар жасалып келеді. Жұмыссыздық – жұмыс тобының қатарына кіретін, жұмысы жоқ және белсенді түрде жұмыс іздеп, таба алмай жүрген жағдай. Қоғам қайраткері Д.Қонаев "Адамға жазаның ең үлкен - жұмыссыз қалдыру" деген екен. «Еңбек» емлекеттік бағдарламасының  басым бағыты  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға   гранттар тағайындау. Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 1108 адам бағдарламамен қамтылған.

Созақ аудандық жұмыспен қамту орталығының мониторинг бөлімінің басшысы Елдос Дәулетбаевтың айтуынша, бағдарламаның басым бағыты – бизнес идеяларды іске асыруға арналған. Жоба аясында жастар, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар, көпбалалы отбасы мүшелеріне грант тағайындалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер