Созақ: Шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісін қолданады

image.png

Созақтық кәсіпкерлер бүгінде шаруашылықты игерудің заманауи тәсілдеріне көшкен. Үнемдеуде, егістік алқаптарында кеңіне қолданылып жүрген тамшылатып суару әдісі өңір шаруаларының арасында бүгінде кеңінен етек алды.

Кәсібін дамытқан отбасылар өздері құрғаған бизнес жоспарға сай қаржыны игеруге міндеттенген. Мысалы «Алмас» шаруақожалығы қарамағындағы жерге  тамшылатып суғару әдісімен қияр өнімін өсіруді қолға алған. Шет мемлекеттерде өсімдіктерді тамшылатып суару әдісімен жылыжайларда, сондай-ақ аспалы бақтарда өсіру тәсілі кең қолданыста. 

Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. 

Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу. Суды үнемдеп, өнімділігін арттырып отырған шаруақожалық жергілікті рыноктың сұранысын қанағаттандырып, базар нарығындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде.

Шаруа негізінен кәсібін мемлекеттік нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып, өрбіткенін де жасырмайды. Мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланған егістік иесі алдағы уақытта да қожалығын өркендете бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер