Шардаралық оқушылар онлайн шараға белсене қатысты

image.png

Бүгін елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтеді. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілді. Дегенмен де елдегі карантин режиміне байланысты бүкіл ісшаралар онлайн форматта өткізілетін болджы. Бірақ Ұлы Абайды ұлықтауға барша қазақ белсене атсалысты. Шардаралық оқушылар Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның шығармаларын жатқа айтып, бүкіл қазақ еліне челлендж жолдады. Өнерпаз оқушылар карантин талабына сай Абай ескерткішінің маңына жиналып, өлең оқыды.

Белсенді жастар ақынның шығармашылығын құштарлана жатқа айтып тікелей эфир көроермендерінің қошеметіне бөленді. 

Айта кетейік, осыған дейін Абайдың туған күніне қатысты ел пікірі екіұшты болып келді. Абайтанушылардың бір бөлігі Абайдың туған күні 23 тамыз екенін айтады. Тағы бір бөлігі 10 тамыз дегенді алға тартады. Ал ЮНЕСКО көлемінде тойланған Абайдың 150 жылдығы 10 тамыз болып белгіленген.  Енді сол күн ресми түрде бекітіліпті. Бұл туралы Үкімет арнайы Қаулы шығарып, Заңға өзгерістер енгізген. Ол бойынша, президент Тоқаевтың бастамасымен биыл ел көлемінде аталып өтілетін Абайдың 175 жылдығы 10 тамызға белгіленуі тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер