Сайрам: Жылыжай – жөн кәсіп

image.png

Жылыжай – жөн кәсіп. Жаңа технологиялар бүгінде жеміс-жидек пен көкөністерді жыл он екі ай өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Бабы келіссе, қысқа мерзім ішінде сапалы өнім алуға болады.

Қыс мезгілінде жылыжайда өсірілген көкөністер мен өсімдік, жеміс-жидектер сұранысты өтеуі тиіс. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде жылыжай шаруашылығы көркейіп, елді өніммен қамтып отыр. Оңтүстік жылы аймағында орналасқан Сайрамда да жылыжай көлемі артып келеді.

Қайнарбұлақ ауыл округінде жалпы көлемі 3,6 га құрайтын заманауи үлгідегі өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Меншік иесі- «Nur Agro» ШҚ. Жоба құны- 1000,0 млн тг.
Жылыжай құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Жылыжайда жылына 1200 тоннаға дейін өнім алу жоспарланған.

Жылдың төрт мезгілінің барлығы дерлік жылы әр қолайлы болып келетін Оңтүстік өңірінің мұнан да жоғары мүмкіндігі бар екенін ескеріп, шағын және орта бизнестің үлесі артатынына сенімдіміз.

Ғылым мен техника дамыған заманда жылыжай өніміне сұраныс еселеп артпақ. Жердің тозуы, топырақтың құнарсыздығы және климаттың өзгеруі – оған басты себеп болмақ. Жылыжай жұмысын жандандырып, егіс көлемін арттыруда, сонымен қатар, шығынды азайтып, өнімді көбейтуде ауыл шаруашылығы мамандары мен Қазақ ғылыми зерттеу институты ғалымдары бірлесіп жұмыс істеуде. Жылыжайдың болашағы зор. Келешекте өңірге көгілдір отын келгенде оған кететін шығын неғұрлым азайып, кәсіпкерге жеңілдік туады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер