Сайрам: Ынтымақ - достық кепілі

image.png

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның гүлденіп, өркендеуінің кепілі. Бүгіндері елдегі 130-дан астам этностың ауызбіршілігін сақтау өте маңызды мәселелердің бірі десек те болады.

Жақында ғана елде орын алған бірнеше ұлтаралық қақтығыстарға байланысты, олардың алдын алуға бірқатар шаралар қарастырылған. 

Бүгін осыған байланысты Сайрам ауданы аумағындағы Көлкент ауылдық округіне қарасты этнос өкілдері тығыз орналасқан Қосбұлақ, Ханқорған, Ақсуабад, Шапырашты, Мәдени елді-мекендері тұрғындарына Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і, жергілікті ауыл округі әкімдігі, аудандық ішкі саясат қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалы қызметкерлері бірлесіп, қоғамдық келісім мен татулықты сақтау, ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу ұйымдастырылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Тарихи қысқа мерзімде - 20 жылдың ішінде қуатты тәуелсіз ел құрдық, оны бүкіл дүниежүзіне әйгілі мемлекет жасадық. Олардың ұлтына және діни сенімдеріне қарамастан, достық пен сенім, ынтымақтастық пен ауызбірлік біздің отандастарымыздың барлығына тән. Бұл біздің бірлігіміздің негізі, біздің тұрақтылығымыз бен рухани күшіміздің қайнар көзі, ертеңгі күнге деген сеніміміз. Біз әр алуан мәдени және тілдік орта алауыздық пен араздыққа себеп бола алмайтынын күллі әлемге көрсеттік, - деп Елбасымыз өз сөздерінде айтқан болатын. Тек ауызбіршілік, бітімгерлік толығымен орын алғанда ғана еліміз алға бастай бермек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер